Жаңбыр жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңбыр жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1931
Құйшы, жаңбыр, шелектеп құйшы келіп,
Бармағынан бал тамған күйші болып.
Жадау тартқан реңі жасыл әлем
Шыға келсін шырайлы биші болып.
Көптен аңсап жүр едім, арманым-ау,
Көптен аңсап тұр еді алмалы бау.
Тәтті үніңмен тербетіп төңіректі,
Төгіп-төгіп жіберші таңда мынау.
Көптен аңсап жүр едім, арманым-ау,
Көптен аңсап тұр еді арна мынау.
Сай-салада сылдырап сұлу сарын,
Қарық болып аңыздар қалмады ма-ау?
Дәнге айналып тамшылар көктен үзген,
Жадырады қабақтар от лебізбен.
Сарғыш белдер әп-сәтте жасылданып,
Кетті астасып кең далам көк теңізбен.
Мөлдір тамшы моншақтап мол шашыла,
Табиғаттың тынысы сонша ашыла,
Шыға келді бар әлем тап-таза боп,
Жуынып та шайынып моншасына.
Жаушы, жаңбыр, шелектеп жауа берші,
Ақ мамасын аспанның сауа берші.
Шаң-тозаңнан арылтып дүниені,
Жауа берші, көңілге дауа берші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбыр жыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңбыр жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбыр жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңбыр жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері