Өмір машинасы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өмір машинасы» атты Абдрахман Асылбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1873
Өмірді өзегінен қозғайтұғын,
Таппайтын тетіктері тозба тыным,
Көргенде машиналар тізбектерін,
Жан қайда жаны лаулап қозбайтұғын?
Иә, мен машинамен тойға барам,
Жайлауда керек десе, қой да бағам.
Бәрін де жасап жатыр ойлап адам,
Түкенде сол есіме, ойға қалам:
Болмай-ақ желден жүйрік машинамыз,
Жаяу-ақ жүрмедік пе басында біз?
Ақыры алпауыттар ойлап тауып,
Жетілдік жарқын жаңа ғасырда біз.
Машина айтқаныңды тыңдағасын,
Мінеміз алмастырып кіл жаңасын.
Сүйсініп сыртқы сән мен сымбатына,
Өлшейміз жылдамдықпен шын бағасын.
Тап солай,
Машиналар өзгереді,
Тозады,
Ескіргенін көз көреді.
Уақыт тартысы мен талқысында
Тегеурін темірдің де төзбегені.
Тек қана бір машина тозбайтұғын,
Таппайтын уақыттан озбай тыным –
Адамның ақыл-ой, парасаты
Өмірді үнмі алға қозғайтұғын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір машинасы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өмір машинасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір машинасы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір машинасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері