Жұлдыздар жымың қақпаса – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жұлдыздар жымың қақпаса» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1303
Жұлдыздар жымың қақпаса,
Жаныңа жарық жақпаса,
Түнекті түріп ақпаса,
Бір Аймен түн де түн емес.
Қаншама алып болсаң да,
Теңіздей толқып толсаң да,
Аспанға ұшып-қонсаң да,
Жалғыздың күні күн емес.
Күш-қуат алып көңілге,
Тұрарсың тағдыр төрінде,
Достарың егер өмірде
Бірнешеу болса, бір емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыздар жымың қақпаса өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыздар жымың қақпаса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыздар жымың қақпаса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыздар жымың қақпаса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері