Ұйқы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұйқы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2711
Шаршап бір келген шақта күйкіменен,
Сиқырлы әлдиі мол күй тілеген,
Рахат бесігіне бөлейтұғын,
Шіркін-ай, қандай тәтті ұйқы деген!
Күйбелең ұмытып бар тірлігіңді,
Қуасың көңілдегі кірбіңіңді.
Жатасың созып тастап аяғыңды,
Сезініп тыныштықпен бірлігіңді.
Төсекке құлай қалсам ауып денем,
Мен, бірақ, қатты ұйқыдан қауіптенем.
Көбіне кірпік қақпай есіме алам,
Өткізген күндерімді сауықпенен.
Мойындау әлсіздікті ұят маған,
Кеудемнен қорқынышты күй ақтарам:
Алаңсыз мызғыр болсам бойым балқып,
Мәңгілік ұйықтап кетер сияқтанам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұйқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері