Бөліну – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бөліну» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1256
Осы қазақ неліктен
Бөлінеді жүз-жүз боп.
Кездерінде еріккен
Қырқысады шыж-быж боп.
«Ұлы жүзді қауға қой,
Орта жүзді дауға қой,
Кіші жүзді жауға қой», –
Дегендері сауда ғой.
«Ұлы жүзді етке қой,
Орта жүзді кепке қой,
Кіші жүзді шепке қой», –
Дегендері текке ғой.
Алтау ала болғанда –
Ауыздағың кетеді.
Төртеу түгел болғанда –
Төрге басың жетеді.
Бірақ, солай десек те,
Кейбіреулар құрып жүр.
Іштей алып есепке,
Рушылдық бұрып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөліну өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бөліну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөліну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөліну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері