Ән-құдірет

Бұл бетте «Ән-құдірет» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1208
Тау толқыны тәрізді үн
Бөлектене басқадан,
Аспанында Париждің
Әуеледі асқақ ән.

Өршіл әуен бебеулер,
Өрлеп шырқау шығанға.
Таппай тосын теңеулер,
Жандары жоқ шығарға.

Қалың нөпір көрермен
Жаудырғанда шапалақ,
Таңдай қақты Ромен
«Паһ, шіркін-ай, паһ-палап!»

Асыл жанның зиялы
Ұмыттырып наласын,
Кезіп кеткен қиялы
Байтақ қазақ даласын.

Үзіп алып мақпалдай
Жүректің бір парасын,
Жалғастырып жатқандай
Париж – Семей арасын.

Құшақ жая үр бағы,
Әнге айналып күллі мұң,
Париж ұйып тыңдады
Адамзаттың бұлбұлын.

Сарай іші сілкініс,
Қошаметте шек болмай,
Шапалақ боп сүйсініс
Жалғасуда тоқталмай.

Тыңдарман таң-тамаша,
Тербеткендей Ән-ғарыш.
Пікірлесер таласа,
Жүздерінде таңданыс.

- Саф алтынға телінген
Үнің кетер мың жылға!
Қазақ ұлын тегіннен
Теңемепті бұлбұлға!

Деп қысқа да, нұсқа да
Ой қорытты Роллан.
Тарқатқанда Мұстафа
Әнші жайлы сыр одан.

Өнеріне табынып,
Көрме Халықаралық,
Күміс алқа тағынып,
Танытқан ол даралық.

Даңққа бөлеп Алашты,
Төл парызы өтелген.
Сол мереймен жарасты
Оралған-ды шет елден


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән-құдірет өлеңінің авторы кім?

Арасанбай Естенов — осы өлеңнің авторы.

Ән-құдірет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән-құдірет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арасанбай Естенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән-құдірет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері