Өлең, жыр, ақындар

Ән төресі – Әсет

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1077
Келіп тұрмыз, Әсетжан, Қарғалыға,
Балғын іздер осында қалмады ма?
Туғаныңнан тербетіп тәтті әуендер,
Жеттің ақыр аңсаған арманыңа.
Аңсағаның әуелден әуен еді,
Жүрген жерің гүлзар бақ, мәуелі еді.
Кең даладан қалықтап көк төсіне,
Бірте-бірте әндерің әуеледі.
Қызыл-жасыл гүлдерді араладың,
Сұлулықты әуелден бағаладың.
Пәк сезімің айналып әуендерге,
Сонымен-ақ өзіңді дараладың.
Сұлулық пен сұлу саз егіз бе еді?
Толқып-тасқан сезімің теңіз бе еді?
Құрық салып әуенді қуған жоқсың,
Керісінше, әуендер сені іздеді.
Сұлулықты бойыңа жиып алар,
Сұлу сазды жүрекке құйып алар
Қасиетің бар еді бала күннен,
Бұл-дағы бір Алланың сыйы болар.
Әндеріңді бұл күнде бала айтады,
Дана айтады, ақ шашты ана айтады.
Тамылжытып тоғайдың бұлбұлдары,
Асқарлы тау, шалқар көл, дала айтады.
Әсетжан-ау, арманың ақталғандай,
Өзіңменен қазағым мақтанғандай.
Сенің соңғы әдемі әндеріңді
Жеткізіп жүр біздерге Мақпал қандай?
«Көбі кетіп өмірдің, азы қалды,
Кегі кетіп көңілдің, назы қалды» –
Шырқап салған осындай соңғы әніңнің, –
Саналарда сыңғырлы сазы қалды.
Қарғалыңа, Әсетжан, келіп тұрмыз,
Мектебіңе қуана еніп тұрмыз.
Заманбектей жанашыр жандар барын
Тағы да біз қалтқысыз көріп тұрмыз.
Жандарың бар жанашыр, қазағың бар,
Таусылмайтын тамаша базарың бар.
Жұмаққа да бір сазгер керек шығар,
Пәнилік те бақилық наз әнің бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерке қыз

  • 0
  • 0

Қылығың керемет сиқырлы,
Пейіштен келдің бе?
Хор қызы секілді сүйкімді,
Сұлусың сен мүлде.

Толық

Қасиет

  • 0
  • 0

Бұл адам өмірді бір рет сүреді,
Тірліктің қысқасын тым жақсы біледі.
Осынша аз ғана уақыт ішінде
Сан рет жылайды, күледі.

Толық

Қабыланбайдың «Қарсақ жолы»

  • 0
  • 0

Жай оғындай жалынды
Өшпей қалған ер ісі.
Ел аузынан алынды
Осы жырдың желісі.

Толық

Қарап көріңіз