Көз алдымда бір бейне – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көз алдымда бір бейне» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2087
Көз алдымда күлімдеген бір бейне,
Көк белдегі үлбіреген гүлдей ме?
Гүлге елітіп елжіреген жанымды
Сол бір сұлу білдеді ме, білмей ме?
Көз алдымда дірілдеген бір бейне,
Көктемдегі бұлбұл төккен үндей ме?
Үнге елітіп елжіреген жанымды
Сол бір сұлу біледі ме, білмей ме?
Көз алдымда көлбеңдеген бір бейне,
Тұнжыраған түн пердесін түрмей ме?
Құшағыма күнім болып кірмей ме?
Бақыт сыйлап, мәңгі бірге жүрмей ме?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз алдымда бір бейне өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көз алдымда бір бейне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз алдымда бір бейне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көз алдымда бір бейне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері