Нар тұлға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Нар тұлға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2416
Қазақтың алып тұлғасы,
Өлеңнің өрен тұнбасы –
Олжас тұр асу асқарда,
Шағылып күнге шың басы.
Салады көзін бөктерге,
Салады көзін шеттерге.
Зымыран жылдар жылыстап,
Япырау, жылдам өткен бе?
Ойлаушы едік ол жас деп,
Қатарда жүрген жолдас деп.
Кетіпті-ау шырқап тым биік,
Орданы бұзған Олжас боп.
Баласы болмай жалқының,
Саңқылдап әр күн жарқын үн,
Қағыпты-ау қанат қияға,
Перзенті болып халқының.
Шығыс та оны таныды,
Батыс та оны таныды.
Жұлдызға қадап жанарын,
Ойларын отпен жаныды.
Ақынның ойы терең-ді,
Ақынның ойы ерен-ді.
Шығарса шыңға өлеңді,
Тарихшы әрі ол енді.
Асырды атақ, даңқын да,
Мызғымас мәңгі нар тұлға.
Олжас тұр асқар асуда,
Баяғы жігіт қалпында.
Ақылды адам толмас па?
Алтынды таққа қонбас па?
Бір бала туса қазақтан,
Тусын да ұқсап Олжасқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нар тұлға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Нар тұлға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нар тұлға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нар тұлға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері