Ақын Күләш – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақын Күләш» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1613
Айналып өте алмайтын бұбұл әсті,
Желегін желбіретіп бір гүл ашты.
Айнала күлімдеген күнге ұласты,
Айнала тамылжыған үнге ұласты,
Жан тербер жарасымды жырға ұласты.
Ақкөңіл аңқылдаған ағайындар,
Өлеңге ұрған бүгін шын құлашты,
Қуана қарсы алайық бұл КҮЛӘШТІ!
Тілінен тамсандырып бал ағызған,
Үнімен асып түсер Сара қыздан,
Бір саңлақ шықты бүгін арамыздан –
Дарқан ел Үшаралдай даламыздан.
«Шығады талантты ақын қара қыздан», –
Деген шын әділ баға естіп едік
Сөбит пен Әбділдадай ағамыздан,
Айналдық алтын сөзді данамыздан!
Ағайын, айтар бүгін ойымды аңғар:
Көрсетіп көкке жеткен бойын заңғар,
Күндердің күнінде бір Құдай қолдап,
Жүлделі қарындасым тойын қамдар.
Бәйгеден қап қойдық деп мойымаңдар,
Іштарлық, күншілдікке бой ұрмаңдар.
Жыр қуған қыздарың бар, ұлдарың бар,
Күләштің құдіретін мойындаңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын Күләш өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақын Күләш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын Күләш өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын Күләш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері