Оп-оңай ойлар айтпақ боп – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Оп-оңай ойлар айтпақ боп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1938
Оп-оңай ойлар айтпақ боп,
Қиналам кейде керемет.
Ақындар аулын айттап кеп,
Жегемін жанды жебелеп.
Қараспан тауды каптап кеп,
Шабыттың бұлты шатырлап,
Жатса екен деймін қақ-қақ боп,
Нөсері жырдың сатырлап.
Көңілде жүрген көп ойлар
Шиыршық атып тұрып-ақ,
Секілді селдір тоғайлар
Кетеді қайта ыдырап.
Балапан үрпек сары ала
Жыр оңай қанат қаға ма?
Ол да бір перзент-шағала,
Жанығып жетер жағаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері