Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2903
Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Сенде алғаш әнге басып таң құсы.
Сенде алғаш отты еріндер өбісіп,
Сенде алғаш жалын атқан жан күші.
Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Жас арудай балқып нұрың шалқышы.
Жадыраған жанарыңмен жарқ етсін
Аңсап күткен аруымның таң түсі.
Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Көк төсінде қою бұлт боп қалқышы.
Сағыныштан тамған жастай мөлт етсін
Жауып өткен жаңбырыңның тамшысы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері