Отырмын гүлді алаңда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Отырмын гүлді алаңда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1526
Ысырып бұлтты аулаққа,
Күлімдеп көкте күн тұрды.
Күркіреп өзен тау жақта,
Бау-бақша қайта құлпырды.
Сағына жүріп өмірдің
Күтіп ем жарқын көктемін.
Махаббат-жастық лебінің
Білмей де қаппын өпкенін.
Қарағай, шырша төңірек,
Отырмын гүлді алаңда.
Көңілім шалқып кеңірек,
Қараймын әрбір адамға.
Қолымда күткен жар хаты –
Көкорай көктем басталды.
Құлпыра түсті Алматы,
Аялап тауы асқарлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отырмын гүлді алаңда өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Отырмын гүлді алаңда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отырмын гүлді алаңда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отырмын гүлді алаңда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері