Аңсаған асқақ арман, үміт әнім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аңсаған асқақ арман, үміт әнім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2601
Аңсаған асқақ арман, үміт әнім,
Мен сені қалай ғана ұмытамын?
Жарқ еткен жалынымен жанарыңның
Жанымды жабырқаңқы жылытамын.
Аңсаған асқақ арман, ақ маңдайлым,
Өзіңнен бақытымды тапқандаймын.
Зәредей қаяу түссе көңіліңе, –
Батады қабырғама батпан қайғың.
Аңсаған асқақ арман, ай қабағым,
Арқан боп қазығыңа байланамын.
Сен жердің дөңгеленген шары болсаң,
Мен соның серігі боп айналамын.
Аңсаған асқақ арман, ақ тамағым,
Алдыңда жыр ағынын ақтарамын.
Өзіңнен бағыт алып, шабыт алып,
Қызықты күндеріме аттанамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсаған асқақ арман, үміт әнім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аңсаған асқақ арман, үміт әнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсаған асқақ арман, үміт әнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсаған асқақ арман, үміт әнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері