Жұлдыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жұлдыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1749
Қараңғыны қақ жарып,
Ақса жұлдыз – ақ жарық,
Көзін тігіп аспанға,
Дейтін әжем тап сонда:
– Әлдекімнің шырағын
Сөнді деп ұқ, шырағым.
Тас қараңғы тұңғиық,
Төбемізде тым биік
Ағып жатыр жұлдыздар,
Мүлгиді тек шың құздар.
Құшағымда бір қыз бар,
Сезілмейді түнгі ызғар.
Әжем айтқан ертегі
Көңіл күйін шертеді.
Қарамаймын аспанға,
Жерде де от бар жас жанға.
Жанды деп ұқ жұлдызым –
Құшағымда гүл-қызым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері