Өзің айтшы ендеше – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өзің айтшы ендеше» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2006
Түн ұзақка жағылып,
Шырағданым сөнбесе,–
Саған арнап сарылып,
Жыр жазғаным ендеше.
Көкке қадап көзімді,
Ешбір ұйқым келмесе, –
Жалғыз ғана өзіңді
Ойлағаным ендеше.
Ісімді үнем орап қан,
Бір ой маза бермесе, –
Көкейімде қонақтап,
Сен тұрғаның ендеше.
Келер күнді аңсатып,
Тәтті қиял тербесе,–
Көңілімде таңша атып,
Сен тұрғаның ендеше.
Дүниені, өзімді
Ұмытамын сен десе, –
Не дейін бұл сезімді,
Өзің айтшы ендеше?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері