Қиянат – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Бұл бетте «Қиянат» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2015
  • 1
  • 1
  • 24142
Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай,
Жiгiтi душар болса, жар болғандай!
Теңi емес бiр жауызға (пасыққа) берсе егер (агер),
Көңiлi көтерiлмей, зар болғандай!

Ғұмыры қызықлықтан зайғы болып,
Мысалы кең дүниесi тар болғандай!
Жетпейтiн төстiгiне көп жамандар
Өлгенде әлдеқандай таң болғандай!

Сатылып кейбiр қыздар кете барар,
Бағасы ғазиздiкi мал болғандай!
Қожасып: «Мал бердім!»- деп жаман шiркiн
Жайы бар: байқап тұрсаң, паң болғандай!

Бейшара өздiгiнен жол таба алмай,
Ғазиз бас ауырланып даң болғандай!
Көрiнiп кәрiп халi тұра алмас ем,
Бiр Міскiн халық iшiнде жан болғандай.

«Бұзылды пәленшенiң қызың- десе,
Өзiне көрiнедi ар болғандай!
Көлденең ағайындар ұнатпайды,
Хаққа соның үшiн лаң болғандай!

Жұрт қалып осылардың обалына,
Секiлдi алушыға мал болғандай!
«Жалғанда қорлықпенен өттім ғой!»-деп,
Көзiнен аққан жасы қан болғандай!

Көндiрiп ғадiлдiктi жүр ғой қазақ,
Көңiл қайда жарқ етер шам болғандай!
Келе Ме осы iсіміз дұрыстыққа,
Көркiңе көрiнсе де , зар болғандай!

Адамды мал орнына жұмсауымыз
Бiр емес, бар қазаққа ғам болғандай!
Қай күнi бұл қиянат тоқталады,
Бiр емес, халық iшiнде сан болғандай?!

Иа шариғ[ат] , иа низамға дұрыс та емес,
Қазақтың қағидасы заң болғандай!
Бұл сөзім бiреуге емес, көпке бiрдей,
Қажетi кім ге болса, сол алғандай!

Мысалы, кiшi(кеше) болса- аңғартқаным,
Осы хал өз басында пар болғандай!
Тең болып екi зайып қосылса егер,
Арман не, ол уақытта, а, дариға-ай!


Пікірлер (1)

Айдана

Мұғалім болу

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиянат өлеңінің авторы кім?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — осы өлеңнің авторы.

Қиянат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиянат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиянат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері