Бір ғұмыр – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бір ғұмыр» атты Абдрахман Асылбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1940
Болса да қалыңдығы тілдей ғана,
Салмағы бұл кітаптың зілдей дара.
Жүректі жарып шыққан мөлдір бастау
Арналған бір өзіңе үрдей ғана.
Бұл жерде баяндалған бір ғұмырым –
Өзіңмен өрнектелген жыр ғұмырым.
Елу мен алпысымның арасында
Санама сүю деген сіңді ұғым.
Біреулер біліп мұны, біле бермес,
Мән беріп, құлағына іле бермес.
Махаббат машақатын ұққан адам,
Әйтеуір, ақымық деп күле көрмес.
Бір замат торығуға тап боларсың,
Сол бір сәт сандығыңды ақтарарсың.
Көрсетіп өзгелерге өлеңімді:
«Осылай сүйген ол!» – деп, мақтанарсың.
Өзіңмен өрнектеліп жыр ғұмырым,
Санама сүю деген сіңді ұғым.
Өзіңмен өшпестей боп өтен өмір –
Бұл менің ғасырмен тең шын ғұмырым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ғұмыр өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бір ғұмыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ғұмыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір ғұмыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері