Көз алдымда елесің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көз алдымда елесің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3357
Күні-түні көз алдымда елесің,
Жүрегімде жатталумен келесің.
Асығамын жеткенімше өзіңе,
Асып небір асқар таулар белесін.
Күні-түні көз алдымда елесің,
Көңілімді, ойымды онға бөлесің.
Үмітімнің өшпейтұғын оты боп,
Арманымды алға тарта бересің.
Күні-түні көз алдымда елесің,
Аққуым боп түске жиі енесің.
Бұлттан шыққан күнім болып жарқ етші,
Жанымды бір жарқын нұрың бөлесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері