Сен болмасаң, кім болам? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен болмасаң, кім болам?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2221
Күлімдесең – күн болам,
Тұнжырасаң – түн болам.
Сен жоқ жерде, сүйіктім,
Мазам кетіп мұңданам.
Жадырасаң – жаз болам,
Жас балаша мәз болам.
Бойды бір күш билейді
Алаулаған, маздаған.
Қаһарлансаң – қар болам,
Тарылады бар ғалам.
Сенің жылы жүзіңді
Бір көруге зар болам.
Жүз танытсаң сыздаған,
Қатып қалған мұз болам.
Сонда-дағы өзіңді
Өзгелерден қызғанам.
Сен болмасаң, кім болам?
Жүнжимін де жүн болам.
Ақыл-есті жия алмай,
Аласұрам, жынданам.
Кей ісің жат тым маған,
Түтігем де тұлданам.
Айналып кеп бәрібір,
Арқандаулы құл болам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен болмасаң, кім болам? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен болмасаң, кім болам? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен болмасаң, кім болам? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен болмасаң, кім болам? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері