Әйел құдіреті – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әйел құдіреті» атты Абдрахман Асылбек жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 6948
Бас иемін қашанда әйелге мен,
Соғып тұрған жүрегім әйел дер ем.
Құдіретті кім десе бұл әлемде,
Сұлу болып жаралған әйел дер ем.
Жаулап алдың сен мені, жаулап алдың,
Жүрегімді біржола баурап алдың.
«Жаратпаймын мен сені» десең-дағы,
Басы бүтін бітіспес дауға қалдың.
Білемісің сен соны, білемісің?
Бұл сөзіме құлақты түремісің?
Біреулердің қайғысы, қасыреті,
Біреулердің таяныш-тірегісің.
Артық болмас асыра мақтағаным,
Сенен артық аруды таппағанмын.
Иба менен керемет келбетіңді
Кір түсірмей мәңгілік сақта, жаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйел құдіреті өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әйел құдіреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйел құдіреті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйел құдіреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері