Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы

Бұл бетте «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Я. Полонскийден)
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы,
Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы.
Сол жүректен жылылық, достық пенен
Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Жан шөлдер өзіңдеймен танысқанша,
Бірінен бірі үлесіп алысқанша.
Құмарланар, сүйісер жүрек тауып,
Қытықсыз қызықпенен бас қосқанша.

Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек,
Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек.
Осы сенің қызығың, қуанышың
Сағымша жоқ боп кетіп түгесілмек.

Бейне бір сол қазынаны бір жау алмақ,
Жүректің кең дариясы құрып қалмақ.
Суық ақыл жүрекке бұйрық жазып,
Оны бір өзі өзгеше жолға салмақ.

Жүрегін пайдасы үшін жұрт ұсатпақ,
Кірмен өлшеп базарға ұстап сатпақ.
Оны сатып, ол кімді уатады?
Оның өзін тағы да кім уатпақ?

Жұрт айтқан сол ант мезгіл келсең керек...
Мен де пенде, амалсыз көнсем керек.
Қызығы зор қайран дос, қайран тату,
Сендер өлдің, мен-дағы өлсем керек!


Пікірлер (4)

Д.Кенжебаева

Норм екен бырақ сөздері түсініксіз

Жанэля

Жақсы

Жанэля

Маған ұнады

Ера тикток парақша подпишиктер сила

Маған ұнады маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері