Парнас – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Парнас» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1361
Аймақты әркім бөліп-бөліп алыпты,
Құдайларды гректерден қуғанда.
Парнас тауы тиген екен бір жанға,
Ол айдап кеп Есектерді бағыпты.
Мұнда әу баста тек Музалар тұрыпты,
Оны Есектер әлдекімнен біліпті.
Депті: «Бізді Парнасқа
Әкелмеген жай босқа.
Музалар шын жалықтырып біткен ғой,
Қожа бізден жақсы әуен күткен ғой»,
«Мен бастайын, – деп бір Есек ақырды, –
Жасайық та батылдық,
Әнге басып тиімді,
Мадақтайық үйірді!
Даусымызды зор қылып,
Ел тыңдайтын алайық бір хор құрып!
Табысымыз жаман емес десек те,
Тәртіп керек түбі ұятқа қалмасқа:
Кімнің даусы ұқсамаса Есекке,
Ондайларды жолатпайық Парнасқа».
Есек құптап Есекті,
Басталды ойын кезекті:
Қаңғыраған арбадайын қиқылдақ,
Қоя берді шиқылдап.
Сондай әуен бола ма?
Қожайыннан төзім кетсе, оңа ма?
Бар Есекті қамап қойды қораға.
Құр ашудан наданға ақыл қона ма?
Халық сөзі сәуле берді санама:
Ақылсыз бас – асқабақ,
Оған ақыл бере алмассың басқарақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Парнас өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Парнас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Парнас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Парнас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері