Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр мен көкек

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1788
«Қош бол, көршім! – деді Қасқыр Көкекке, –
Бұл жер тыныш екен деп, әуре боппын мен текке
Сендердегі ит те, адам да адуын:
Бір-бірінен ашулы; сен періште болғын-ақ,
Мүмкін емес таластан шет қалуың».
«Шықтың қандай жолға ұзақ?
Сол бақытты ел қай маңда,
Сен жақсы өмір сүретін?»
«Тура барып кіретін
Ну жынысты орманда.
Көршім, ол жер сондай-ды;
Айтуынша халықтың: онда соғыс болмайды;
Қойдай жуас адамы,
Сүті өзен боп ағады;
Қысқасы сол, онда қайғы қонбайды.
Онда иттер үрмейді.
Онда достар сыйласып, бір-бірінсіз жүрмейді,
Дейді иттер ол жерде қабуды да білмейді,
Айтшы өзің, түсін де,
Өңім түгіл түсімде
Ондай елді көру маған бір бақыт.
Табам онда шын бақыт,
Бар керегім шешіліп!
Ал, мұнда ше, жалтақтаумен түн қатып,
Тыныш ұйықтай алмайсың да көсіліп».
«Жолың болсын, көршім менің қымбатты, –
Деді Көкек, – мінезің мен тісіңді
Ала кетпей, қалдырарсың бұл жақта».
«Ондай сөзді тыңдатпа!»
«Өзіңнің де тонсыз қап, жүрмесіңді түсінгін».
* * *
Кімнің құлқы оңбаса тым неғұрлым,
Адамдарды күндей түсер соғұрлым.
Жаны қас боп, жақсылықпен жұғыспас,
Өзі болып, өзі ешкіммен шығыспас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірдің жолы бұралаң

  • 0
  • 0

Өмірдің жолы бұралаң,
Алдыңда арман – ұлы алаң.
Сүрініп талай құлағам,
Тығылып талай жылағам –

Толық

Бір арман

  • 0
  • 0

Бұл өмірге,
Гүл өмірге келіп ем,
Есігінен ерке басып еніп ем.
Көп жасадым,

Толық

Қала көрдім, дала көрдім

  • 0
  • 0

Қала көрдім, дала көрдім,
Бұрын жүріп, баспаған.
Сен жадымда қала бердің,
Арманым боп аспаған

Толық