Маймыл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Маймыл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1784
Мейлі қанша терлегін,
Жұрттан тілей көрмегін
Мадақ, алғыс, жақсы баға бергенін,
Зая кетіп жатса егер де еңбегің.
* * *
Ала таңнан тұрып ап,
Шаруа тыным көрмеді.
Етек-жеңін түріп ап,
Еңбегімен терледі,
Жан еді іске мығым-ақ.
Өткен жандар маңынан
Айтып жатты алғысын.
Маймылдың бұл шоқ түсіріп жанына,
Қоздырды тек мақтан сүйгіш намысын.
Іс етпек боп Маймылдан шын ес кетті,
Әуреленді тауып алып кеспекті.
Тапты өзіне бейнетті,
Бір басына мол жетті:
Бірде арқалап дөңбекті,
Құшақтап та байқады.
Домалатты қайта бір,
Өзен болып бейшарадан тер кетті.
Ақырында әлі бітті болбырап,
Мақтау сөзді естімеді ол бірақ.
Ғажап емес, жарығым,
Еткеніңмен көп еңбек, бос кетуі бәрінің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маймыл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Маймыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маймыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маймыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері