Аспаз бен мысық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аспаз бен мысық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1946
Бір Аспаз сауатты
Жүгірді бетке алып кабакты.
(Құдайшыл пысық-тын,
Құдағидың асында ептеп ішіпті).
Тышқандардан күзетсін деп тамақты,
Қалдырды Мысықты.
Аспаз келіп байқады – ас шашылған, желінген,
Күзетшісі осы ма тастап кеткен сеніммен?
Мысық, әне, бір бұрышта ырылдап,
Жұлып жатыр тауық етін жырымдап.
«Эх, оңбаған қомағай!
Адам түгіл, тамнан ұят емес пе? –
Ұрсып жатыр деп ағай.
(Мысық етті жеп жатыр, құлақ аспай кеңеске), –
Бұрын үлгі көрсететін басқаға,
Нағыз адал Мысықтардың бірі едің.
Ал, сен... қандай масқара!
Көршілердің не айтатынын білемін:
«Мысық ұры, аңдығыны ас қана,
Үйің түгіл ас тұрған,
Қораңды оған ашпа да,
Кем түспейді жалақтаған Қасқырдан.
Ол – антұрған, ол – бір індет дейді енді!»
(Мысық оны үнсіз тыңдап жей берді).
Шешеніміз сөз ағытып мол қанша,
Сөйлей берді жағы әбден талғанша.
Сайрады Аспаз көп тіпті,
Мысық та етті жеп бітті.
* * *
Аспаздарға мен басқа
Сөзге құлақ сал дер ем.
Күні бойы сайрағанша сен босқа,
Керек жерде күш те жұмсап ал дер ем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспаз бен мысық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аспаз бен мысық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспаз бен мысық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспаз бен мысық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері