Бөдене әні – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бөдене әні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1762
Жаз айы жайдары,
Шуақты күнменен.
Ауылдың аймағы
Толғанда қыр-белең,
Сайрайды бөдене
Тамаша үнменен.

Қайырмасы:
Бытпылдық, бытпылдық,
Шырқай ұшып тынбаймыз.
Бытпылдық, бытпылдық,
Жаз қызығын жырлаймыз.

Алқапта алтын дән,
Толықсып толады.
Шілдеде шалқып ән,
Ел егін орады.
Бөдене қырманға
Жақын кеп қонады.
Береке бұл маңда,
Мереке болады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөдене әні өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бөдене әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөдене әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөдене әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері