Абысындар

Бұл бетте «Абысындар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 12882
Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Айналайын абысындар –
Ауыл-үйдің бағысыңдар.
Араздасса екі ағайын,
Жақындату жағысыңдар.

Қайырмасы:
Абысындар, дарасыңдар,
Жүрек отын жағасыңдар.
Бәрінен де ең бастысы –
Адамзатқа анасыңдар.

Айналайын абысындар –
Ақ отаудың таңысыңдар.
Дсатарқанның берекесі,
Шаңырақтың шамысыңдар.

Қайырмасы:

Айналайын абысындар,
Инабат пен намысың бар.
Ағалардың арысыңдар,
Адал сүйген жарысыңдар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абысындар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Абысындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абысындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абысындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері