Бақыт деп білем – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Бақыт деп білем» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1255
Отқа да салам өзімді, суға да салам,
(Адам ба өзін суарып шыңдамаса адам?)
Өз жүрегіммен үрлеймін өз көрігімді,
Өз жүрегіммен Өзіңді бірге жасаған.
Өз көрігіммен өртеймін өзімді-өзім,
Көрігімдегі өмірім – сезім, мінезім.
Бақыт деп білем оттарға төзудің өзін,
Балқып бір барып суықты сезудің өзін.
Бақыт деп білем буланып, балқудың өзін
Бақытты кезім – балқыған әркилы кезім.
Қара темірмін, менсінбен алтынның өзін,
Алтынан гөрі қымбаттау жарқын мінезім.
Қара темірмін, сондықтан суарыламын,
От пенен суды мәңгіге мұра қыламын.
Отқа да салам өзімді, суға да салып,
Құлпырып қунап, тот баспай тұра да аламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыт деп білем өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Бақыт деп білем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыт деп білем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақыт деп білем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері