Баламын әлі

Бұл бетте «Баламын әлі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1676
Баламын әлі...
Басымда менің көп қиял,
Басымды ертең тауға да, тасқа соқтырар.
Заманның жал-жал толқынына да лақтырар,
Суығына да, салқынына да тап қылар.
Баламын әлі...
Бәрінен әзір бейхабар,
Тіршілік заңы бұлжытпай бәрін қайталар.
Қиялдың бәрі шындыққа қарай ойысып,
Сарыауыз сана сарғаяр дағы, шайқалар!
Баламын әлі...
Баланың бәрі бір емес,
Көз алдыма көлбеңдей берді бір елес.
Көктемнің бәрі дөп келгенімен, жылы емес,
Беткейдің бәрі көгергенімен, гүл емес.
Баламын әлі...
Аңғарып соны қалам-ау,
Күн шайдай ашық.
Қар жауып кетсе тоңам-ау.
Алмасулардың, жалғасулардың астарын
Аңғарып қалдым, себебін, сірә, табам-ау.
Баламын әлі...
Басымда қиял, көп үміт,
Бәрі де маған оттан да ыстық көрініп.
Өзіммен өзім.
Ойымнан өмір өріліп,
Қиялмен жеңіл, қиялдан ғана жеңіліп,
Баламын әлі, баламын әлі, баламын,
Бауырыңа, өмір, енемін, міне, емініп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баламын әлі өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Баламын әлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баламын әлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баламын әлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері