Сегізкөз

Бұл бетте «Сегізкөз» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 942
Күндегi осы жұмысы,
Сабақтан соң ермегi –
«Екiдегi» iнiсiн
Ермек жатып тергедi.
– Көрсет, – дейдi, –
Басыңды?
Ал шашыңды,
Қасыңды?
Ендi көрсет
Тiлiңдi,
Мойыныңды,
Мұрныңды?..
Көрсетiп, не сұраса,
Шатаспайды iнiсi.
Бiлгiр екен бұл аса,
Мақтар едiм мұнысын.
Ермегiң де қайтпайды,
Күнде сынақ алады.
– Бiр де қате айтпайды, –
Дейдi: – Iнiм саналы...
Көрiп бəрiн қызықтап,
Тамашалап тұрғанмын.
Келiп Ермек бұзықтан
Мен де тергеп сұрадым.
– Қай жерде айтшы,
Бүйрегiң?
– ...?
– Ал қай жерде
Жүрегiң?
– ...?
– Ал қай жерде
Бауырың?
– ...?
– Ал қай жерде
Жауырын? –...?
– Қай жерде айтшы,
Өт деген?
– ...?
– Асқазаның
Өкпе мен?
– ...?
Бұғана мен
Өңеш ше?
– ...?
– Жұтқыншақты айт, ендеше?
– ...?
Бiраз өзiн тергедiм,
Оған жеңсiк бермедiм.
Сырын қайдан бiлейiн,
Əйтеуiр, бiр ұққаным –
Ермек батыр
Бiреуiн
Бiлмейтiн боп шыққаны.
Көрсете алмай талайын,
Қара тер боп састы өзi;
Қорс-қорс тартып танауын,
Сипай бердi басты өзi.
Iнiсiнiң көзiнше:
«Көп бiледi iнiң», – деп,
Сөктiм оны
Өзiмше:
«Жарамайды мұның», – деп...
Қарап тұрып адамды
Өстiп құдай ұрады.
– Қай жерде? – деп ол менен
«Сегiзкөздi» сұрады.
Кiм бiлiптi
Ондайын,
Састырды ол өзiмдi.
Бiлеушi едiм,
Оңбайын,
Алақтатты көзiмдi.
Қинап кеттi сол сұрақ,
Айттым оған долбармен:
– Сегiзкөз бе,
Ол, сiрə,
Қарт адамда болар, – деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сегізкөз өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Сегізкөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сегізкөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сегізкөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері