Ұмытшақ
Бұл бетте «Ұмытшақ» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Ұмытшақ Жүсiп түс көрдi,
Түсiнде қызық iс көрдi.
Жалғыз өзi
Түсiнде,
Шөп шабуға келедi.
Шабдар аттың үстiнде
Бүкең-бүкең желедi.
Қоржын толы тамағы,
Шалабы бар бiр қарын.
Таңдады тау қабағын
Жерi майса,
Гүл қалың...
Айтар болсақ
Арғысын,
Тұрды дел-сал күйiнде.
Шөп шабатын шалғысын,
Сөйтсе,
Ұмытқан
Үйiнде...
Тағы бiрде
Түсiнде
Балықшы екен – қараса,
Отыр қайық үстiнде,
Көлде өзi оңаша.
Ескегiн тез еседi,
Терең жерге жетiптi.
Ау тастайтын десе ендi,
Оны
Ұмытып
Кетiптi...
Жəне бiрде
Қараса –
Комбайншы – өзi екен.
Шабуға ол жараса,
Егiн пiскен кезi екен.
Кiрiсе бер тек iске,
Шапсаң егiн дап-дайын.
Сөйтсе, өзi кеп егiске,
Ұмыт
Қалған
Комбайн...
Содан шошып оянды-ау,
Қызығы бұл түсiнiң –
Олақтығы болар-ау
Өңiндегi iсiнiң.
Оның барлық себебiн
Анықтаған,
Бiлген –
Мен.
... Сабағына дəптерiн
Күнде
Ұмытып
Жүргеннен.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі