Ызақор – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Ызақор» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 958
Су басына
Күшiк жеттi.
Жеткен бойда
Жүзiп кеттi.
Су басына
Мысық жеттi.
Келген бетте
Жүзiп өттi.
Бұзауың да,
Құлының да,
Келген жоқ-тын
Бұрын мұнда.
Сонда да олар
Бiрден малтып,
Су бетiнде
Жүрдi қалқып.
Бəрiн көрiп
Жақып отыр,
Ала көзбен
Атып отыр.
Екi көзiн
Сүзедi кеп:
«Малтуды ешкiм
Үйреткен жоқ,
Бұлар қалай
Жүзедi?» – деп.
Малтуды олар
Бiлiп туған,
Соған жаны
Күйiп тұрған.
Сонда деймiз,
Жақып неттi?
Жүзбекшi едi,
Батып кеттi.
Бұл өмiрде
Адам үшiн
Бəрi қиын,
Соған түсiн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ызақор өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Ызақор өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ызақор өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ызақор өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері