Сағыныш күзі
Бұл бетте «Сағыныш күзі» атты Шынар Кендін жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жəудіреген күздің жанар-жүрегі
Сары түстер əлеміне тұнғанда...
Сағыныдым ба, неге жаным жүдеді?
Жапырақтан жаңбыр жауып тұрғанда?!.
Жырмен қымтап,
жылытамын жанымды,
Күзгі түннің
айы шалқақ туғанда.
Сендер жақтың
қысы қатты болғанмен,
Құстар қайтып
келіп жатыр бұл маңға...
Сағыныштан
сарғаймасын, тілегім:
Аман өтсең екен,
айдан, жылдан да!
Шынар Кендін.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі