Өзгеге менің өкпем жоқ

Бұл бетте «Өзгеге менің өкпем жоқ» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзгеге менің өкпем жоқ,
Етпесем өзім жасыңтық...
Қырлары жұрттың неткен көп,
Құбылған жоқты кəсіп қып?
Құбылса мейлі ол қалай,
Қырқыспан бірақ ешкіммен.
Қабақты сезгіш баладай,
Қоямын түйіп ішімнен.
Көңілге қаяу түсірмей,
Сыйласар жəне түрім бар.
Өздері бірақ тек жүрмей,
Орынсыз кейде ұрынар.
Ондайға жаның беттей ме,
Көңілің қайтса маздаған:
Жемісі жердің жетпей ме?
Жарығы күннің аз ба оған?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері