Жанымда жатқан нұрым бар

Бұл бетте «Жанымда жатқан нұрым бар» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жанымда жатқан нұрым бар,
Жалындап оты сөнбейтін.
Жайымды сол бір ұғыңдар,
Жазбасам маза көрмейтін.
Жұлдызым шығар ол əлде,
Жарқырап ылғи өрлейтін?
Жеткізер, бəлкім, белеңге,
Өлеңдер мəңгі өлмейтін?..
* * *
Жалықпай еткен еңбегің
Жаныңды дəйім жарылқар.
Ерінбей егіп сен де егін,
Есеңді, достым, алып қал!
* * *
Күндегі күйбең өнімсіз
Көңілге медеу түк бермес.
Қалмаса шыдап нұрлы сөз,
Жылдарға өзге тұт келмес!
* * *
Қаракет, қорек – құр аужал,
Жаныңа арқау аз күнге.
Жалынды сөзге жоқ ажал,
Жасайтын тек сол мəңгіге!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері