Қой дегенге қоймаған соң – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қой дегенге қоймаған соң» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2218
Шектен шыққан ала бөтен,
Балтай қорқақ бала екен.
Өңi кетер сұп-сұр болып,
Десең:
– Ине салады екен!
Аласұрып класында
Жаңа ғана жүрген едi.
Əлгi хабар расында,
Үрейiн ап, үндемейдi.
Жүрек жоқ-ау түймедей де,
Қорқып отыр инеден де.
Жыламаған бала едi
Жығылғанда түйеден де!
Дiр-дiр етiп дауысы да,
Сөз түспей тұр ауызына.
Сұрайды ұстаз:
– Не болды? – деп, –
Немене, сен ауырдың ба?..
Бұзылыпты түсiң, – дейдi,
Ұнамай тұр iсiң, – дейдi.
Дем заматта не болғанын
Мұғалiмi түсiнбейдi.
Балтайға бұл жаман батқан,
Үрейiн ап алаңдатқан,
Мəз болады парталасы
Əлгi өтiрiк хабарды айтқан.
Асыр-тасыр ойнаған соң,
Қой дегенге, қоймаған соң,
Шiңк-шiңк етiк мазасын ап,
Айтқан сөзге болмаған соң.
Бiр қулыққа барып едi,
Сырына оның қанық едi,
Парталасы Балтайды бiр
Өстiп жөнге салып едi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қой дегенге қоймаған соң өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қой дегенге қоймаған соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қой дегенге қоймаған соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қой дегенге қоймаған соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері