Сорпа – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Сорпа» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Ет – етке,
Сорпа – бетке…»
Демейді текке.
Ежелден мәлім,
Пайдалы көпке.
Жас сорпа – дәру
Жабысқан дертке.

Себебі мұның
Мәнісін ұғар.
Маңызы еттің
Сорпаға шығар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері