Шулады-ау күллі қара орман...
- 0
- 0
Құз жартасқа атылған,
Ақ жол толқын әні әсем,
Шағаладай шарқ ұрған,
Мен – теңіздің баласы ем!
Бұл бетте «Уақыт» атты aidaorynbasar жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құз жартасқа атылған,
Ақ жол толқын әні әсем,
Шағаладай шарқ ұрған,
Мен – теңіздің баласы ем!
Кезем десең дүние неткен кең еді,
Теңіздерден көрем жүзген кемені.
Тұрақтамай көкте бұлттар жөңкілген,
Тұрақтамай жел де сапар шегеді.
Кеудемнен бір бұлқынған сазды көрем,
Қанатты қаққан аққу, қазды көрем,
Теңіздің жағасында тұңғыш рет,
Жалғаннан жасырынып жаздым өлең.
асем
керемет