Өлең, жыр, ақындар

Үш тармақ

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 748
Жайымды бірі білмей, бірі біліп.
Қуанып дұшпанымның, бірі күліп,
Бір досымнан айрылдым – тірі жүріп.
Өзекті жанға бір өлім, қаза бар-ды,
Жағаласып тіршілік мазаны алды,
Бір досымнан айрылдым – Ажал алды!
Дауыл емес, соққандай жайыңды – сең,
Жыр-ғұмырым білесің жайымды сен,
Бір досымнан айрылдым – айырды шен!
Бойдақ кез тұлпар текті, заты – нар-ды
Кермек дәм, ыдысының таты бар-ды,
Бір досымнан айрылдым – қатыны алды.
Сөзінің ішек-қарнын сан ақтардым,
Таба алмай орнын сипап қарап қалдым,
Бір досымнан айырды – арақ марқұм.
Кенеттен ыза тартып, сыздан ішті,
Күйіп кетті сор болып тұздан іші,
Бір досымнан айырды – қызғанышы.
Теңізде жүзсем деген кеме бар-ды,
Кеудемде тас түйін боп шемен қалды,
Айнымас ақырғы дос – Өлең қалды.
Тағдырға не де болса көне білген,
Айнымас достарды іздеп өлеңіммен,
Жаһанда жаяу жалғыз келемін Мен!
Жырларым – жиһангерім, сен тоқтама,
Жатайын досым бар деп ол жақта да,
Дос ізде, ұлы өмірден мен жоқта да!
* * *
Миым менің мәңгілік қозғалыста,
Бірінен бірі озған сөз жарыста;
Баянды болашақты барлай қалсам,
Қиялым жетелейді көзді алысқа
Ақын ба, ақын емес өз демі жоқ,
Кеудемнің сенен дүние сезгені көп;
Миымда дариялар жатырағып
Бұлақ пен өзендердің көздері көп.
Сақталған аманаттай күн қиында,
Ғасырлар – қабат сыйған бұл миымда.
Қиқулап қаз аққуы көгінде ұшқан,
Киіктер заулап аққан ылдиында.
Күллі әлем бір басыма сиып жатыр,
Жылдарын, ғасырларын жиып жатыр;
Енді маған әр қадам қиында тұр,
Қаратау, Алатаулар миымда тұр.
Тас жарып өскен сезім күн қасымда,
Бабамның ақыл-ойы бір басымда.
Демеу беріп келеді дүрсіл қағып,
Жарықтық, жүрек дейтін мұңдасым да.
Алатауға сағынып бір қараймын,
Жүрегімнің кірпіші – жыр қалаймын;
Кейде мен биіктеймін қарлы шыңдай,
Кейде мен таудан төмен сырғанаймын.
Миым менің тынымсыз күн кешеді,
Оңаша тәңірімен тілдеседі.
Аққудың қауырсыны ақ мамықтай,
Бұлт болып жүрегімнен жыр көшеді.
Мен неге халқым жайлы толғанбаймын,
Бір басыма күллі әлем қонғандайын.
Миымда найзағайлар жарқыл қағып,
Шулайды кеудем толқып ормандайын.
Дос қуанып, дұшпанның құты қашқан,
Басыма сиып жатыр үкілі аспан.
Қазақты сүйгендіктен мұның бәрі,
Көзін маған тұр тігіп бүкіл аспан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап

  • 0
  • 0

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап,
Шырқайды жүрек құрғыр сүйікті ән сап.
Адамның баласы бар тауға құмар,
Өтеді өмірінде биікті аңсап.

Толық

Дауылға желтоқсанның желі айналды

  • 0
  • 0

Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы,
Күтпеген іс ақыры не болар деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Толық

Жолаушы

  • 0
  • 0

Жолаушы жолда келеді,
Жеткізбей алда жол ұзақ.
Жорғадай аты желеді,
Қос өкпесін қолына ап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар