Өлең, жыр, ақындар

Достық туралы жыр

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2896
Аспанымда аңқия есіл көк,
Дұшпаныма айта алмаймын
Кешір деп
Дүниелік кен-қазынам байлығым
Бұл өмірде достарым көп,
Досым көп.
Ағалардың арасында досым бар,
Інілердің арасында досым бар.
Замандасым қатар құрбы-құрдасты
Досым етіп сол ортаға қосыңдар.
Алдымыздан қанаттылы жол ұшып,
Кезіккенде қол алысып көрісіп.
Дастарханда отырсыздар
Сол достар,
Аз ғана бір қуанышты бөлісіп.
Кейде өзі ақыл – дұшпан, ақыл – дау
Керек емес бәрін қоштап мақұлдау.
Бірі – алыс, бірі – жақын дос деген
Жақын кейде алыстау,
Алыс кейде жақындау...
Кезіккенде құшақтасып төс керем,
Таңға жуық жұлдыздар бар өшпеген.
Иман жүзді, мейрімінен нұр тамса,
Сол адамды мен өмірде дос көрем.
Дос жүрегі сабыр тұтар төзім ғой
Барлық сырды жасыра алмас көзің ғой.
Менмін жалғыз,
досыңмын деп айта алман,
Достық деген іштей ұққан сезім ғой.
Достар керек сен жоқта да еске алар,
Көше-көше ақыр соңы — көш қонар.
Досың түгіл дүниеде осынау,
Сүйген жарың келе-келе дос болар.
Қалып қояр қол да тимей асыл іс
Өзендер бар арнасынан тасығыш.
Кей достарым дүниеден алға озды,
Қарбалас бұл тіршілікте асығыс.
Алдымыздан шуақ шашып, күн күлсін
Бұлттай көшіп жүрегінде мұң жүрсін.
Адамға емес, бір Аллаға аян бұл,
Алда қанша жол барын да кім білсін.
Алла сыйы — тағдырға бас тірелік
Қуаныштан той тойласақ та, күлелік.
Аз ғана күн тіршілікте достарым,
Қолдан келсе басты қосып жүрелік.
Қос жанарым — ғаламды осы кең көріп
Дүниені берген жанға тең бөліп.
Достарменен ғұмырымды ұзарттым,
Достарымның жылы сөзі дем беріп.
Бәріне де тағдыр жазса бекеммін
Арманыма мүмкін жетпей, жетермін.
Достық деген ұлы сезім құдірет,
Дос алдында басымды иіп өтермін.

8 желтоқсаи 2002жыл
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәуелсіздік

  • 0
  • 0

Жатырмыз біз жаңа есті сенсең жиып,
Тағдыр басын туған ел теңселді иіп.
Тәуелсіздік — сен неткен абзал едің,
Алатаудай бұл күні еңсем биік.

Толық

Адам жұмбақ ғұмырды кешетіндей

  • 0
  • 0

Адам жұмбақ ғұмырды кешетіндей,
Аумалы ақша бұлттар көшетіндей,
Әуезов мұражайын көргеніңде,
Ұлылық самал желі есетіндей.

Толық

Менің әкем

  • 0
  • 0

Айтайын әкем жайлы сыр әуелі,
Қоңыр үн, қоңыр ырғақ — үні-әуені.
Жұмыстан оралғасын кешке қарай
Ауылдың шалдарының жырауы еді.

Толық

Қарап көріңіз