Жүрегімде жаңғырған жаңғырық бар
- 0
- 0
Жүрегімде жаңғырған жаңғырық бар,
Қайталанып тұрады сан ғұрыптар.
Мен ғаламға әлдене айтқым келді,
Естімеді, кеудесі мәңгілік тар.
Бұл бетте «Ана тілі» атты Расул Ғамзатов жазған тіл туралы өлең берілген.
Жүрегімде жаңғырған жаңғырық бар,
Қайталанып тұрады сан ғұрыптар.
Мен ғаламға әлдене айтқым келді,
Естімеді, кеудесі мәңгілік тар.
Дидарың неткен жайдары,
Жарқырап келген жаңа күн.
Бұрқылдап тірлік қайнары,
Гүлдерге тұнды алабым.
Сулар ағып барады ағымдағы,
Сулар ақса, өмірді сағынғаны.
Жөңкіледі ақша бұлт жол іздеген,
Жолын бөгеп тентек жел қағынғаны.
Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен,
Ажырамай қазақылау елдіктен,
Ғарыш жаққа ғажап сәлем жолдаймын,
Жер шарынан, параллельдік ендіктен.
Саналымен сырласқымның келгені,
Жүректегі нұрды ашқымның келгені.
Көктем болып, қара жерде бусанып,
Талдардағы бүрді ашқымның келгені.
Неткен күн жаңбыр менен қары аралас,
Ұмтылар ақ болуға қара ала ағаш.
Жаңбыр мен қар бірлігін мақұлдаймын,
Табиғат жаныңды әсте жараламас.
Айзере
Маған бұл ән қатты ????????????????
Нұрасыл
Риторикалық сұрауларға сұрақ белгісін қойыңыздар!
Не істейсің атымды
Қиын ғо бл
Сая
Алар тілінде емес авар тілінде