Құс әні – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құс әні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1336
Жадыра, күн жалынды,
Жылыт балапанымды.
Өтінемін, жарығым,
Қыздыршы оның мамығын.
Жел-ау, жел-ау,
Жел-желек!
Көмектесші сен де кеп.
Бұталарға тез жетші,
Бөпешімді тербетші!
Жалықпашы,
Жапырақ,
Жайқалшы бір жадырап.
Жайлап әнді шырқашы,
Балапанды қымташы!
Бұлт, бұлт,
Кезе бермеші,
Төбемізден төнбеші!
Тиме балапаныма,
Жоламағын жанына!
Күн сәулесін төгеді,
Бөбек өсіп келеді.
Қатайған соң қанаты,
Әсем әнге салады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері