Қызғалдақтың түсі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қызғалдақтың түсі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2583
Қыр астына күн батты,
Қауашағын гүл жапты.
Қара құс боп түн келді,
Түс көреді гүл де енді.
Қызғалдақ тұр ырғала,
Келе жатыр бір бала.
Галстугі мойында,
Не бар екен ойында?
Ол қызғалдақ іздейді,
Бірақ, оны үзбейді.
Гүл ұнайды балаға,
Гүлге ұнайды бала да.
Қызғалдақ та қуанып,
Қуаныштан бұралып,
Қауашағын ашады,
Шаттық нұрын шашады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері