Бұл бетте «Қызғалдақтар жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қуқыл тартып құмда күйген шөптердің
Арасында біздер бірге солсақ та,
«Қызғалдақтан енді қалар жоқ белгі», –
Деген адам жаңылады сол шақта.
Біздер бармыз!
Мейлі бізді ұмытсын,
Жансын мейлі қуаң жердің құшағы.
Біздер бармыз!
Кезіп жалпақ құм ішін,
Ыстық шаңмен ұрығымыз ұшады.
Өзіміздің туған ыстық бөктерден
Өртенсек те,
Ешқайда біз кетпейміз.
Жайнай түссін деп өлкеміз көктемде,
Қайта шығып,
Шешек атып көктейміз!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі