Бәйшешек – Әдібай Табылды

Бұл бетте «Бәйшешек» атты Әдібай Табылды жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 6424
Еріді де соңғы қар,
Өзен тасып, су ақты.
Ойпаңдағы омбы қар
Қыс белгісі сияқты.

Көктем лебі тұр есіп,
Жапты жаңа гүл қырды:
Қар астынан дүр өсіп,
Бәйшешектер құлпырды.

Тұңғыш гүлін көктемнің
Аялап тұр көктен күн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері