Қайдан пана табам? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қайдан пана табам?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 714
Желдiң iшiне кiрiп барып ем
Жел менi қағаздай қиқалап
Жырта бастады;
Ормандарға тығылып ем –
Ағаш деп ойлады ма? –
Балта мен аралар
Қырқа бастады.
Далама тығылып ем,
Далам менiң –
Жүрмесiн дедi ме! –
Жолдарын матадай
Орап жатты.
Тауларға тығылып ем
Таулар төбеме
Тастарын допша домалатты.
Теңiздерге тығылып ем
Теңiздiң толқындары
Кеудемнен бiр тептi.
Адамдарға тығылып ем
Адамдар басымнан –
Бұрқыратып! –
Күл төктi.
Қайдан пана табам?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері