Еліктерім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Еліктерім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Ләззат пенен
Ләзизам қос елігім,
Көзден ұшар бір кезде осы өмірің.
Ойнақтап сендер тату ойнасын деп,
Туған жерге шуағын төседі күн.
Өздеріңмен аспандап, төбем өсіп,
Өмірімнің ескегін келем есіп.
Сағат өтпей табысып, ойнайсыңдар,
Сәл нәрсеге қалсаңдар төбелесіп.
Бітірмедім ештеңе, япырмай, түк,
Бара жатыр желімнің беті қайтып.
Кішкентайы ем, біреудің мен де кеше,
Енді отырмын сендерге ақыл айтып.
Өткен күнге сендермен өкінбеймін,
Өмір атты сынбасын көпірлерің.
Қалып бара жатқандай өздеріңде,
Бар бояуым, жастығым, отым менің.
Ақ сәулесін аспанның еміп тегін,
Келеді екен бәріне еліктегің.
Араларың жазылмай, туған жерде
Ойнай берші, кішкентай еліктерім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері