Ұмытсаң да – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұмытсаң да» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 830
Ұмытсаң да...
мен сені ұмытпадым,
Сезімнің сетінетпедім суыртпағын.
Төгіліп ақ жібектей, көкжиектен
Үлбіреп атты қанша үміт таңым.
Ол рас,
жастықпенен егіз көктем.
Көгілдір табысқандай теңіз көкпен.
Басқаға, қысыламын, жори ма деп,
Жолығайын десем бір сені іздеп мен...
Төсінен шығатұғын күні талмай,
Алыстан көрінесің ұлы таудай.
Басқа барлық дүниені ұмытсам да,
Жүрмін сені, әйтеуір, ұмыта алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері