Суретші – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Суретші» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 10702
Ақ қағаздың жүзіне
Алуан бояу түсіріп.
Қадап көзін сүзіле
Ойын құстай ұшырып.
Суретші дамылсыз,
Сүйкектеген қаламын.
Айналаның бәрі үнсіз,
Ашық нұры ауаның.
Бурыл тартқан самайы,
Басқа емес өз сынынан.
Тағы қайта қарайды,
Тауды қойып қырынан.
Тұрақтамай әлі де,
Тұр қиялы дағдарып.
Байыптайды бәрін де,
Ойымен он аударып.
Қолын созып ұсынды,
Әлденеге ойы ауған.
Алмақшы ма бір сырды,
Аспандағы бояудан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері